
05 қараша
1 қараша күні Астана қаласында маусымның қорытындысы мен футбол мерекесіне айналған жарқын QJ Awards салтанатты рәсімі өтті.
Кештің шарықтау шегі – Changan MVP of The Season марапатының табыстауы болды. Бұл мәртебелі атаққа Қарағанды қаласының «Шахтер» жасөспірімдер құрамасының ойыншысы Глеб Макридов ие болып, Changan Kazakhstan және Astana Motors компанияларынан сыйлық табысталды.
QJ League, Changan Kazakhstan және Astana Motors арасындағы серіктестіктің арқасында Глебке Еуропаның ең атақты клубтарының бірі — Atlético Madrid академиясында оқу-жаттығу және қаралу мүмкіндігін беретін грант табысталды. Бұл оқиға бизнес пен спорттың өзара ынтымақтастығы жас таланттардың жаңа белестерге жетуіне жол ашатынын айқын көрсетті.
Сегіз айлық серіктестік барысында QJ League-пен бірге біз бірқатар ауқымды іс-шаралар өткіздік: Пресс-конференция, Павлодар қаласындағы Қыздар лигасының MatchDay турнирі, кибер турнир, Қарағанды қаласындағы футбол фестивалі, All Star – Atlético ойыны, денсаулық күндері, Changan балалар туры.
Changan Kazakhstan және QJ League арасындағы бірлескен жұмыс жаңа буын футболшыларын шабыттандырып, Қазақстандағы спорттың дамуына өз үлесін қосып келеді.


